ҚПЛ клубы "Бенфика" мен "Боавиштаның" экс-ойыншысын қатарға қосты

©Ақсу ФК

"Ақсу" клубы португалиялық жартылай қорғаушы Джилсон Сикейра Да Коштамен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Джилсон – "Бенфика" академиясының түлегі. Осыған дейін Португалияда "Арока", "Боавишта", "Эшторил Прайя" және Кипрдің "Докса Катокопиас" командаларында доп тепкен. Соңғы рет Оман чемпионатында "Әл-Нахда" клубының намысын қорғады.

Жартылай қорғаушы спорттық карьерасында Португалияның жасөспірімдер мен жастар құрамаларында 21 мачта алаңға шыққан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport