Оралдық "Ақжайық" Мозамбик құрамасының ойыншысы Артур Режинальдо Фаифемен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Алайда келісім туралы егжей-тегжейлі ақпарат жоқ.
31 жастағы Режинальдо қазақстандық жанкүйерлерге ҚПЛ-дің өзге екі клубындағы ойындары арқылы танымал. 2019 жылғы маусымда ол "Шахтер" сапында 17 ойын өткізіп, үш гол авторы атанды. Ал өткен жылы "Қайсар" командасында да 17 матчте екі гол соқты.
Оның соңғы өнер көрсеткен клубы Солтүстік Македониялық "Шкупи" болды.
Қоса кетейік, "Ақжайық" 19-турдан кейін ҚПЛ турнир кестесінде 28 ұпаймен төртінші орында тұр.