ҚПЛ клуб жаңа ойыншыларын көпшілікке таныстыру үшін Мессиді пайдаланды

©Reuters

"Атырау" командаға жаңадан қосылған Амандық Набихановты жанкүйерлерге ерекше таныстырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Атырау" командасы жаңа ойыншыны таныстыру үшін арнайы видео дайындаған. Ол жерде Бауыржан Жолшиев, Курт Зума, Лионель Месси, Мейсон Гринвуд және басқа футболшылар көрсетілген. Ал видеоның соңында Набиханов шығады. 

24 жастағы қорғаушы осыған дейін тек "Каспий" командасы сапында өнер көрсеткен. Өткен маусымда ол Қазақстан біріншілігінде 23 кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берген. 

Еске салайық, "Атырау" командасы өткен маусымда ҚПЛ-да 14 команданың ішінен 11-орын алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport