ҚПЛ жеңімпазы Чемпиондар лигасына қатысатын құрамын жариялады

©"Тобыл" ФК

Қазақстандық "Тобыл" Чемпиондар лигасына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Бұл турнирді қостанайлық клуб венгриялық "Ференцварош" командасына қарсы бастайды. 

Бірінші матч 6 шілде Қостанайда, ал 13 шілде Будапештте қарымта ойын өтеді.

"Тобылдың" УЕФА Чемпиондар лигасына қатысатын құрамы

Қақпашылар: Александр Мокин, Сұлтан Бұсұрманов, Тимур Акмурзин;

Қорғаушылар: Роман Асыранқұлов, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров, Сергей Малый, Жарко Томашевич, Алекса Аманович;

Жартылай қорғаушылар: Данияр Семченков, Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков, Зоран Тошич, Самат Жарынбетов, Владислав Васильев, Вячеслав Күлпейісов, Душан Йованчич, Рубен Бриджидо, Мильян Вукадинович, Жасұлан Жұмашев;

Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов, Игорь Сергеев, Серж Дебле;

Бас бапкер: Милан Миланович.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport