"Мақтаарал" футбол клубы бапкер Константин Горовенкомен қоштасқанын хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, маман командадан өз еркімен кеткен.
Бапкер команданы Бірінші лигада екінші орынға көтеріп, керемет жұмыс жасағаны айтылды. Осылайша, клуб премьер-лигаға өткен болатын.
Айта кетейік, маусым қорытындысы бойынша "Ақсу" мен "Мақтаарал" Бірінші лигадан көтеріліп, ҚПЛ-де өте нашар ойын көрсеткен "Қайсар" мен "Жетісудың" орнын басты.