ҚПЛ-ге көтерілген команда "Астана" ойыншысын сапына қосты
©"Ақсу" ФК
"Ақсу" мен "Астана" клубтары жартылай қорғаушы Жаслан Қайыркенді жалға алу бойынша келісімге келді, деп хабарлайды павлодарлықтардың баспасөз қызметі.
"Ақсу" мен "Астана" клубтары жартылай қорғаушы Жаслан Қайыркенді жалға алу бойынша келісімге келді, деп хабарлайды павлодарлықтардың баспасөз қызметі.
Жаслан - павлодарлық футбол мектебінің түлегі. Бала кезінде "Астананың" екінші құрамына шақыртылған.
16 жасынан астаналық команданың дубльінде ойнады, ал 18 жасында негізгі командада өнер көрсете бастады. Кейінгі екі маусымды жалға алу құқымен "Атырауда" өткізді. Өткен маусымда 20 матчке қатысып, бір гол салды.
Футболшы Қазақстанның жастар құрамасына үнемі шақыртылады.
Жарнама