Футбол
27 ақпан 2019 14:53
 
ҚПЛ-ге қайта қосылған клуб Ресей премьер-лигасында ойнаған футболшыны сапына қосты

  Пікірлер

blog.share

ҚПЛ-ге қайта қосылған клуб Ресей премьер-лигасында ойнаған футболшыны сапына қосты © "Оренбург" ФК

"Тараз" 26 жастағы грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзені өз сапына алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тараздық команданың жаңа легионері отанында "ВИТ Джорджия" (2012-2015), "Шукура" (2015-2016), "Динамо" (2016) командаларында ойнаған.

2017 жылы ақпанда футболшы Ресей премьер-лигасындағы "Оренбургқа" өтіп, 11 матч ойнады. Алайда клуб премьер-лигадан шығып қалды, ал Лобжанидзе жарақатына байланысты Грузияға оралды. 

2018 жылғы маусымда футболшы "Шукура" және "Металлург" үшін ойнады. Шабуылшы Грузия құарамасы сапында бір ойынға қатысқан.

Айта кетейік, былтыр "Тараз" бірінші лигада екінші орын алып, премьер-лигаға көтерілді. Маусым аралығында командаға Вахид Масудов бапкер болып тағайындалды. Қысқы маусым аралығында тараздықтар сапы Рибейро Эливелто, Неманья Суботич, Михайло Йованович, Лаша Касрадзе сияқты футболшылармен толықты.

Жарнама

Живи спортом!