Футбол
23 шілде 2020 16:36

ҚПЛ-ге енді көтерілген командадан үш бірдей легионер кетіп қалуы мүмкін

Сурет: "Каспий" ФК

Ақтаулық "Каспий" командасы сапынан үш бірдей легионер кетуі мүмкін, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Олар 28 жастағы франциялық жартылай қорғаушы Биллал Себаихи (3 матчта, 1 гол), 29 жастағы сербиялық хавбек Стефан Букорац (2 матч) және 28 жастағы франциялық шабуылшы Серж Ньюадзи (2 матч).

Бұған дейін ақтаулық клубтан бес ойыншы кетіп қалған - Еркін Тапалов пен Айдос Тәттібаев "Шахтерге", Сұлтан Сағынаев пен Рамазан Каримов "Астанаға" оралды, ал Божан Ковачевич сербиялық "Пролетер" командасына қайта қосылды.

Үш тур қорытындысы бойынша "Каспий" ұпай жинай алмай, ҚПЛ-де оныншы келеді.