ҚПЛ-ге енді қосылған "Тұран" еуропалық футболшыны сапына алды

Александр Чиж. Сурет: "Динамо" ФК (Минск)©

Белоруссиялық жартылай қорғаушы Александр Чиж "Тұран" командасының сапына қосылды. Бұл туралы минсктік "Динамоның" баспасөз қызметі хабарлады.  

24 жастағы футболшы Түркістандық команда үшін жалға алу құқымен 2021 жылға дейін ойнайтыны айтылды.

Чиж - минсктік "Динамоның" тәлімгері. Беларуссияның жастар және жасөспірімдер құрамасында ойнаған.

Еске салайық, "Тұран" өз алаңындағы бірінші турда "Астанамен" ойнады (2:2), ал екінші турда сырт алаңда "Жетісудан" ұтылды (0:3). Келесі ойынды 4 сәуір өз алаңында "Қайсармен" өткізеді.