ҚПЛ-ге алғаш көтерілген команда ресейлік клубпен тең түсті

©"Ақсу" ФК

"Ақсу" футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында үшінші бақылау матчін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл жолғы қарсылас астрахандық "Волгарь" болды. Клуб Ресейдің екінші лигасында 20 команда арасында он сегізінші келеді. 

Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Қазақстандық команда сапында гол салғандар - Анатолий Красотин мен Максим Марусич.

Еске салайық, өткен маусым қорытындысы бойынша "Ақсу" және "Мақтаарал" командалары ҚПЛ-ге көтерілді. Ал "Қайсар" мен "Жетісу" бірінші лигаға түсіп қалған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport