ҚПЛ-ге алғаш көтерілген команда ресейлік клубпен тең түсті
©"Ақсу" ФК
"Ақсу" футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында үшінші бақылау матчін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ақсу" футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында үшінші бақылау матчін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жолғы қарсылас астрахандық "Волгарь" болды. Клуб Ресейдің екінші лигасында 20 команда арасында он сегізінші келеді.
Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Қазақстандық команда сапында гол салғандар - Анатолий Красотин мен Максим Марусич.
Еске салайық, өткен маусым қорытындысы бойынша "Ақсу" және "Мақтаарал" командалары ҚПЛ-ге көтерілді. Ал "Қайсар" мен "Жетісу" бірінші лигаға түсіп қалған болатын.
Жарнама