ҚПЛ-дің төртінші турындағы "Шахтер" - "Қайсар" матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Шахтер" ФК
Бүгін, 19 тамызда премьер-лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші турының екінші ойын күні өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Төртінші турдың соңғы кездесуі қарағандылық "Шахтер" мен қызылордалық "Қайсар" арасында болады. Матчтің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 18:00.

Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның сайтында қолжетімді.

Кеше турдың үш ойыны өткен болатын. Онда "Қайрат" ақтаулық "Каспийді" 3:0 есебімен ұтты, "Ордабасы" талдықорғандық "Жетісуды"  ұтты - 3:2, ал "Тараз" бен "Қызыл-Жар СК" тең ойнады.

"Астана" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу раундына қатысқандықтан бұл турда ойнамайды.