ҚПЛ-дің сегізінші турындағы бес матчке тікелей трансляция

©"Тараз" ФК

Бүгін, 27 сәуірде футболдан Қазақстан чемпионаты сегізінші турының тағы бес матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын күнін "Қызыл-Жар" - "Мақтаарал" (16:00) кездесуі бастайды, ары қарай "Ақжайық" - "Ақсу" (17:00), "Каспий" - "Шахтер" (18:00), "Тұран" - "Атырау" (19:00), "Тараз" - "Ақтөбе" (20:00) клубтары матч өткізеді.

"Қызыл-Жар" - "Мақтаарал", "Каспий" - "Шахтер" және "Тараз" - "Ақтөбе" ойынын Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді.

Өзге матчтерді PFLK TV арнасынан тамашалуға болады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport