Бүгін, 17 наурызда Қазақстан Премьер-лигасының (КПЛ-2026) екінші туры аясында ақтаулық "Каспий" мен көкшетаулық "Оқжетпес" арасында матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл кездесу турдың қорытынды ойыны болмақ. Ақтауда өтетін матч 17:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Бірінші турда "Каспий" сырт алаңда петропавлдық "Қызылжардан" 1:2 есебімен ұтылып қалды. Ақтаулықтар 83-минутқа дейін есепте алда болған.
Ал "Оқжетпес" чемпионатты тең нәтижемен бастады. Көкшетаулық клуб өз алаңында семейлік "Елімаймен" ұпай бөлісті.
Қазіргі таңда "көкшеліктер" бір ұпаймен турнирлік кестеде 11-орында тұр. Ал "Каспий" әзірге ұпай жинай алмаған жалғыз команда ретінде 16-орынды иеленіп отыр.
Жарнама