ҚПЛ-дің "Ақтөбе" мен "Шахтер" арасындағы 18-ші тур матчі көрерменсіз өтеді
Футболдан Қазақстан чемпионатының "Ақтөбе" мен "Шахтер" арасындағы 18-ші тур матчі көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды қарағандылық клубтың баспасөз қызметі. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты болып отыр.

"Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдай нашарлап, Covid-19 ауруына шалдығу өсуіне байланысты "Ақтөбе" мен "Шахтер" арасындағы 27-маусымда өтетін футболдан Қазақстанның Olimpbet-чемпионатының 18-ші тур матчі көрерменсіз болады", - делінген клуб хабарламасында.
Еске салайық, 17 тур қорытындысы бойынша "Шахтер" 14 команда арасында 12-ші, ал "Ақтөбе" - тоғызыншы орында.
Жарнама