ҚПЛ-дің 14-ші турындағы төрт ойнына тікелей көрсетілім

Сурет: "Астана" ФК

Бүгін, 29 мамырда футболдан Қазақстанның OLIMPBET чемпионаты 14-ші турының қалған ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін ойнайтын командалар "Ордабасы" - "Шахтер" (18:00), "Каспий" - "Астана" (18:00), "Атырау" - "Ақжайық" (20:00), "Тобыл" - "Ақтөбе" (20:00). Екінші және төртінші матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Сонымен қоса, барлық ойынды PFLK.TV арнасынан тамашалауға болады.

14-ші турдың мұның алдындағы кезедсулерінде "Қызыл-Жар" мен "Тараз" тең түсті (2:2), "Қайрат" клубы "Кайсарды" ұтты (1:0), ал "Тұран" командасы "Жетісудан" ұтылды (0:2).