Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өзінің ресми сайтында алматылық "Қайрат" пен көкшетаулық "Оқжетпес" арасындағы Қазақстан премьер-лигасы 21-ші тур матчінің күні ауысқаны туралы хабарлады.
"Клубтардың екі жақты келісімімен матч 2020 жылдың 2 тамызынан күнтізбеде қосалқы күн ретінде қарастырылған 2020 жылдың 11 наурызына алмастырылды", - делінген хабарламада.
Осы күні премьер-лиганың 18-ші туры аясындағы "Астана" - "Ордабасы" ойыны өтеді.
Еске салайық, ҚПЛ-2020 бірінші турының ойындары 7 және 8 наурызда өтеді. Ойын кестесімен
мына жерде танысуға болады.