Бүгін, 9 қыркүйекте алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 21-турындағы матчта елордалық "Жеңіспен" кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Алматыда өтіп, сағат 19:00-де басталады.
Ойынды тікелей эфирде KFF LEAGUE YouTube арнасынан тамашалауға болады:
Командалар осыған дейін өзара жалпы 39 матч өткізіп, оның 22-сінде "Қайрат" жеңіске жеткен. Тараптар төрт рет тең түссе, 13 кездесуде алматылық клуб ұтылған. Доп айырмасы - 61:44.
Алматыдағы 19 ойында "Қайрат" 12 рет жеңіске жетіп, төрт рет тең түскен және үш рет ұтылған.
"Қайрат" 54 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал "Жеңіс" 29 ұпаймен тоғызыншы сатыда орналасқан.
Жарнама