Футбол
6 маусым 2021 12:45

ҚПЛ-дегі ең нашар команда тағы да бапкер ауыстырды

Сурет: "Қайсар" ФК

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы бас баперге қатысты бір шешімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналист әрі инсайдер Айдын Қожахметтің мәліметінше, команда таңдауы Владимир Никитенкоға түсті. Қазақстандық маман қызылордалықтарды бұрын да жаттықтырған (2008 және 2011-2012 жылдар).

"Бүгін қазақстандық бапкерлер цехінің ең тәжірибелі өкілдерінң бірі Қызылордадағы Мұратбаев стадионында бой көрсетті. Оның міндеті премьер-лигадағы орынды сақтап қалу", - деп жазады мәлімет көзі. 

Маусым аралығында "Қайсар" бапкер ауыстырған - болгариялық Стойчо Младеновты, оның орнына Сұлтан Әбілдаев келген болатын. 14 тур қорытыныдсы бойынша қызылордалық команда жеті ұпаймен турнир кестесінде соңғы келеді.