ҚПЛ-дегі ең қымбат ойыншы анықталды

2 желтоқсан 2021 11:38
©"Астана" ФК

Transfermarkt порталы Қазақстан премьер-лигасындағы футболшылардың трансферлік құнына қатысты мәліметтерді жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімде "Астананың" жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян көшбасында қалды - 2,5 миллион еуро. Екінші "Қайрат" хавбегі Яцек Гуральский, ол 500 мың еуроға арзандапты (1,8 миллион).

Үшінші және төртінші орында Нұрәлі Әліп ("Қайрат") пен "Тобыл" шабуылшысы Игорь Сергеев (1,7 миллион еуродан). Қостанайлықтар ойыншысы 200 мыңға арзандапты.

ҚПЛ-дегі ең қымбат он ойыншы тізіміне кіргендер:

 5-6. Раде Дугалич ("Қайрат") - 1,5 миллион еуро (-200 мың);
5-6. Хосе Канте ("Қайрат") - 1,5 миллион еуро (+500);
7-8. Дино Миканович ("Қайрат") - 1,4 миллион еуро (-600);
7-8. Абзал Бейсебеков ("Астана") - 1,4 миллион еуро;
9-10. Небойша Косович ("Қайрат") - 1,3 миллион еуро (+300);
9-10. Алекса Аманович ("Тобыл") - 1,3 миллион еуро.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport