ҚПЛ-дегі ең қымбат клуб анықталды

Марин Томасаов. © KazFootball.kz
2020 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат клуб "Астана" болып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, астаналық клуб футболшыларының жалпы құрамы 26,65 миллион еуроға бағаланды. Мұндағы ең қымбат ойыншы Марин Томасов (3,5 миллион еуро), Дмитрий Шомко (2,5 миллион еуро) және Дорин Ротариу (2,2 миллион еуро).

"Қайрат" ең қымбат клубтар тізімінде екінші - 22,25 миллион еуро. Алматылық клубтың ең қымбат футболшылары - Адеринсола Эсеола (3,2 миллион еуро), Яцек Гуральски (3 миллион еуро), Дино Миканович пен Стас Покатилов (екеуі де 1,7 миллион еуро).

Бұл тізімде үшінші "Тобыл" - 16,65 миллион еуро. Қостанайлық клубта - Роман Муртазаев (2,5 миллион еуро), Ника Квеквескири (1,4 миллион еуро) және Лука Зарандия (1,3 миллион еуро) ең бағалы болып тұр.

ҚПЛ клубтарының ортақ құны - 145,20 миллион еуро.
Жаңалықтар