"Ақсу" футбол клубы ресейлік қорғаушы Ислам Жиловпен келісімшарт жасады, деп хабарлайды павлодарлықтардың баспасөз қызметі.
Ислам - Нальчик футбол мектебінің түлегі. Ол "Кубанская Корона", Нальчиктің "Спартак", "Анжи", "Екатеринодар" және "Урожай" командаларында ойнаған.
2019 жылы ол петерборлық "Зенит-2" сапына өтті. 2020/21 маусымында бірінші лигада 24 матчқа қатысқан. Футболшы ойнаған кейінгі ұжым Пятигорск қаласының "Машук-КМВ" командасы болды.
Айта кетейік, мұның алдында "Ақсу" сапына Жаслан Қайыркенов, Дамир Марат, Евгений Кучеренко, Еркебұлан Тұңғышбаев, Ғафуржан Сүйімбаев, Али Гаджибеков, Фэйт Обилор қосылған болатын.