ҚПЛ дебютанты тағы бір футболшыны қатарына қосты
©"Ақсу" ФК
"Ақсу" қазақстандық жартылай қорғаушы Рафаиль Оспановты қатарына қосты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
"Ақсу" қазақстандық жартылай қорғаушы Рафаиль Оспановты қатарына қосты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Келісімшарт бір жылға жасалған.
Биыл Оспанов "Атырау" сапында 20 кездесуге қатысып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Еске салайық, бұған дейін "Ақсу" командасына "Тараздан" Фейт Обилор ауысып келген болатын. Сонымен қатар, Изат Кулжановпен келісімшарт ұзартылды.
Айта кетейік, "Ақсу" өткен маусымда Бірінші лигада топ жарып, өз тарихында бірінші рет Қазақстан Премьер-лигасында ойнауға мүмкіндік алды.
Жарнама