Түркия жерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан "Ақсу" командасы тағы бір жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Бұл жолы павлодарлық команда Красноярск қаласының намысын қорғайтын "Енисеймен" кездесеті. Бұл команда Ресейдің екінші дивизионында 20 команданың ішінде тоғызыншы орында келеді.
Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстандық команда сапында Анатолия Красотин гол соқты.
Еске салайық, өткен маусымда "Ақсу" мен "Мақтаарал" командалары Бірінші лигада бірінші және екінші орын иеленіп, Қазақстан премьер лигасына жолдама алған еді.