ҚПЛ дебютанты құрамын танымал бразилиялық футболшымен толықтырды

©"Атырау" ФК

28 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Алекс Бруно "Мақтаарал" сапына ауысты. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады. 

Жартылай қорғаушы жаңа командасы сапында алғашқы кездесуін өткізіп те үлгерді. Бруно өзбекстандық "Бунедкорға" қарсы ойынға қатысып, бір гол соқты. 

Айта кетейік, осыған дейін Алекс Қазақстанда "Атырау" сапында ойнады. Ал оған дейін ол польшалық "Видзев", молдавалық "Зимбру", кореялық "Кеннам" мен "Сувон" және бразилиялық "Санта-Рита" мен "Лондрино" командаларының намысын қорғаған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport