ҚПЛ дебютанты "Қайраттың" бұрынғы футболшысымен келісімшартты бұзуға жақын

©"Ақсу" ФК

Ресейлік жартылай қорғаушы Михаил Бакаев "Ақсу" командасынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

34 жастағы футболшы биыл ҚПЛ-да алты ойын өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. 

Оның орнына "Ақсу" командасы шет елдік футболшы іздестіруде. 

Айта кетейік, осыған дейін Бакаев бірнеше маусым алматылық "Қайратта" ойнады. Сонымен қатар, ол "Шахтердің" де намысын қорғады. 2014 жылы жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енген еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport