ҚПЛ дебютанты жаңа ойыншысын ресми таныстырды

©"Десна" ФК

Украиналық футболшы Артур Западня "Мақтаарал" сапына қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Футболшы бұрын көптеген клубтарда және Украинаның жастар құрамасында өнер көрсеткені аталып өтті. Ойыншы команданың қорғанысын күшейтуі тиіс.

Дегенмен "Мақтаарал" футболшының карьерасындағы бірінші шетелдік клуб. 31 жастағы қорғаушы отанында "Десна", "Волынь", "Львов", "Верес", "Сумы", "Ворскла", "Ильичевец" пен "Металлист 1925" клубтарында ойнаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар