ҚПЛ дебютанты жаңа маусымға дайындықты қашан және қайда бастайтынын хабарлады

26 желтоқсан 2021 12:21
©"Ақсу" ФК

Павлодарлық "Ақсу" командасы жаңа маусымға дайындық туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Команда алғашқы жаттығу жұмыстарын 11 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Түркияда өткізеді. Бұл жиын барысында үш жолдастық кездесу жоспарланған. Тарқатып айтсақ, 15 қаңтар күні "Ақсу" венгриялық "Шиофик", 21 қаңтар ресейлік "Металлург" және 27 қаңтар күні македониялық "Брегалница Штип" командаларымен кездесу өткізеді. 

Айта кетейік, осы аптада "Ақсу" сапына нигериялық қорғаушы Фейт Обилор қосылды. Ол Қазақстанда бұған дейін "Тараз" намысын қорғаған. Одан бөлек, қорғаушы молдавалық "Шериф", финляндиялық ХИК, "Интер" және РоПС" командаларында ойнаған. 

Обилор ХИК сапында Финляндия біріншілігін екі мәрте жеңген. Қорғаушы өткен маусымда ҚПЛ-де қарсыластан топты тартып алу көрсеткіші бойынша бірінші орынға жайғасты. 

Еске салайық, өткен маусымның қорытындысы бойынша "Ақсу" Бірінші лигада біріші орын алып, өз тарихында алғаш рет Премьер-лигаға жолдама алды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: