Футболдан Қазақстан чемпионатының 2022 жылғы маусымдағы бірінші матчі аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ордабасы" өз алаңында "Мақтаарал" командасымен ойнады. Шымкенттегі матч 1:1 есебімен аяқталды.
Биылғы маусымдағы алғашқы голды 18-минутта Биллал Себаихи салды. Ал алаң иелерінен Сержа Ньюадзи 37-минутта есепті теңестірді.
Осылайша, "Мақтаарал" премьер-лигадағы алғашқы ұпайын иеленді.
10 наурыздағы екінші турда "Ордабасы" сырт алаңда "Таразбен", ал келесі күні "Мақтаарал" өз алаңында "Қайратпен" ойнайды.