ҚПЛ-де алғаш ойнайтын команда еуропалық футболшыны сапына алуы мүмкін
©sportnaviny.com
"Гомельдің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Павел Чикида "Ақсу" командасында бақылауда жүр. Бұл туралы "Родны футбол. Футбол Беларусi" телеграм арнасы хабарлады.
"Гомельдің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Павел Чикида "Ақсу" командасында бақылауда жүр. Бұл туралы "Родны футбол. Футбол Беларусi" телеграм арнасы хабарлады.
Белоруссиялық команда сапындағы кейінгі екі маусымда 26 жастағы Чикида 51 матч өткізіп, үш нәтижелі пас берген.
Еске салайық, 19 қаңтарда Павлодар облысы командасының бас бапкері қызметіне украиналық маман Руслан Костышин тағайындалған.
Еске салайық, 2021 жылғы маусым қорытындысы бойынша "Ақсу" мен "Мақтаарал" премьер-лигаға көтерілді. Ал "Қайсар" мен "Жетісу" бірінші лигаға түсіп қалған еді.
Жарнама