ҚПЛ-да тағы бір бапкер қызметінен қуылды

©Мақтаарал ФК

"Мақтаарал" басшылығы бас бапкер Андрей Ферапонтовты қызметінен босатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың ресми баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мақтаарал" ФК бас бапкері Ферапонтов екі тараптың келісімі бойынша келісімшарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы шешімге келгенін хабарлайды.

Клуб басшылығы Андрей Святославовұлына атқарған қызметі үшін алғысын айтып, қазақтардың дәстүрімен шапан жауып, шығарып салды.

Ферапонтов А.С. өз кезегінде Түркістан облысы, Мақтаарал аудан басшылықтарына және клубтың басшылығымен барлық қызметкерлерге алғыс айтып, жаңа келетін бапкермен алға қойған мақсатқа жетуге тілектес екенін, және де барлық клуб қызметкерлері мен футболисттер мәңгі жүрегінде екенін жеткізді. "Мақтаарал" ФК Ферапонтов А.С. алдағы уақытта тек сәттілік тілейді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстан чемпионатында жұмыс істеген басқа да жаттықтырушылар қызметтерінен кеткен еді. Олардың ішінде "Тобылдан" Александр Москаленко, "Қайрат" сапынан Құрбан Бердыев, "Ақтөбеден" Владимир Муханов, "Ақжайықтан" Владимир Мазяр, "Тұраннан" Владимир Газзаев, артынша Сергей Когай және Магомед Адиев "Шахтердегі" жұмысын тастап ұлттық құрамаға кетті.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport