ҚПЛ-да клуб саны қысқаратын болды

©"Астана" ФК

Қазақстан чемпионатына қатысатын командалардың саны қысқаратын болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жоспар бойынша ішкі біріншілікте 12 команда сынға түседі. Бұл шешімді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов шығарды. Әзірге жаңа форматтың қашаннан бастап күшіне енетіні белгісіз.

Еске салайық, 2021 жылдан бастап ҚПЛ-да 14 клуб ойнайды. Ал оған дейін 2013 жылдан бастап 12 команда сынға түсіп келді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport