ҚПЛ чемпионы өз клубына оралды

23 желтоқсан 2021 10:08
©"Шахтер" ФК

Қарағандылық "Шахтер" қақпашы Егор Цуприковпен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz "кеншілердің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

24 жастағы Цуприков қарағандылық футбол мектебінің түлегі. Голкипер кейінгі рет ойнаған клуб 2021 жылы чемпион болған "Тобыл".  

Футболшы карьерасын 2013 жылы "Шахтер-Болат" командасында бастаған. Ал негізгі командада 2018 жылы ойнай бастады. Сонымен қоса, 17 мен 19 жасқа дейінгі жастар құрамаларында өнер көрсеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport