ҚПЛ бапкері жаңа ұсыныс алып өз талабын қойды

©Шахтар ФК

"Ақсу" бас бапкері Руслан Костышин клубтағы жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Биылғы маусымда павлодарлық команда чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда турнир кестесінде 6-орнын сақтап тұр. Осыған орай, Ертіс жағалауының басты ұжымы маусымға қойған жоспарды толыққанды орындады. Басшылықтың талабы – ҚПЛ маусымын алғашқы ондықта аяқтау еді.

"Ақсу" басшылығы мен украиналық бапкер келісімшартты ұзартуға ниетті. Енді Костышин осы жылмен салыстырғанда жаңа келісімшартта қаржылық жағдайын жақсартқысы келеді.

"Ақсуға" дейін бапкер өз елінде "Колос" командасын 7 жыл жаттықтырып, екі рет еурокубок турнирлеріне жеткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар