ҚПЛ аутсайдері "Тобылды" жеңіп кетті

©"Мақтаарал" ФК

Түркістандық "Мақтаарал" командасы футболдан Қазақстан чемпионатының 24-турында "Тобыл" командасынан үстем түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Түркістан-Аренада" өткен кездесу 2:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқтады. Ойынның бірінші таймында Константин Горовенко жаттықтыратын "Мақтаарал" екі гол соқты. Оның авторлары - Алексей Носко және Рамазан Кәрімов. 

Үзілістен кейін Қазақстанның қазіргі чемпиондары сапынан Владислав Васильев көзге түсті. Матч барысында "Тобылдың" футболшысы Серікжан Мужиков қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 

Бұл жеңістен кейін "Мақтаарал" командасы 27 ұпай жинап, 12-орынға көтерілді. Ал "Тобыл" болса 41 ұпаймен үшінші орында қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport