"Атырауға" дейін Иванчич отанында "Кроация", "Задар" және "Риеку" клубтарында, кейін словениялық "Коперге", одан молдавиялық "Шериф" сапында ойнады. Сонымен қатар, ол израильдік "Хапоэль" (Ашкелон), "Хапоэль" (Хайфа) және "Ашдод" құрамында болған.
Мамыр ортасында "Атырау" словениялық жартылай қорғаушы Желько Филиповичті босатқан.
Осы маусымда "мұнайшылар" бас бапкерді де ауыстырды. Бұл орынға Виктор Кумыковтың орынан белоруссиялық маман Олег Дулуб тағайындалды.
15 ойын қорытындысы бойынша "Атырау" он ұпаймен Қазақстан премьер-лигасында соңғыдан бұрынғы, 11-ші орында келеді.