"Тұран" клубының жартылай қорғаушысы Чиди Осучукву "Мақтаарал" сапына ауысуға жақын, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
28 жастағы ойыншы түркістандықтар сапында қаржы қиындығына байланысты қалмайды. Бүгінгі таңда "Тұран" командасы табысы көп ойыншылардан арылу үрдісін жүргізуде. Себебі клуб бюджетінде қысқартулар жүріп жатыр.
Биылғы ҚПЛ маусымында Осучукву алаңға тоғыз рет шығып, бір рет гол салды. Осы орайда "Мақтаарал" жартылай қорғаныс шебін африкалық ойыншымен күшейтпекші.
Еске салайық, Чиди Осучукву Португалияның "Брага", Беларуссияның "Динамо-Брест", "Рух", Ресейдің "Томь" және Шымкенттің "Ордабасы" клубтарында өнер көрсеткен. Нигерияның жастар құрамасында 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатына қатысты.