ҚПЛ аутсайдері бір жылда екінші бапкерін жұмыстан босатты

©"Тұран" ФК

"Тұран" футбол клубы команданың бас бапкері Сергей Когаймен қош айтысты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол осы маусымда "Тұраннан" кеткен екінші жаттықтырушы. Маусым басында ойын нәтижелері клуб басшылығының көңілінен шықпай, ресейлік маман Владимир Газзаев те бұл лауазымды босатқан еді.

Қазіргі уақытта "Тұран" турнир кестесінде 14 команда ішінде 13-орында тұр. 

Келесі айналымдағы "Ордабасыға" қарсы ойынға команданы Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы, біршама уақыт бұрын клубтың фитнес-жаттықтырушысы болған Александр Кучма дайындайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар