Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Бүгін, 26 қыркүйекте премьер-лига клубтары арасындағы Қазақстан чемпионатының 25-ші турының барлық матчтары өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Астана уақытымен 15:00-де "Қызыл-Жар СК" - "Шахтер", 16:00-де "Жетісу" - "Ордабасы", "Қайсар" - "Қайрат" , 18:00-де "Ақжайық" - "Тобыл", 18:30-да "Атырау" - "Астана", ал 20:00-де "Ақтөбе" - "Ертіс" ойындары басталады.
25-ші турдың барлық матчтерін тікелей эфирде PFLK TV көрсетеді, ал "Ақтөбе" - "Ертіс" ойынын QazSport арнасынан да тамашалауға болады.
Еске салайық, "Астана" 61 ұпаймен ҚПЛ көшбасшысы, ал "Қайрат" 54 ұпаймен екінші орында. Үшінші 40 ұпай жинаған "Тобыл". Командалардың турнирлік орналасуымен мына жерде толықтай танысуға болады.
Жарнама