"Қой сойды". Ресейлік ойыншы Қазақстандағы қызықтары жайлы

©spartakworld

Ресей құрамасының экс-шабуылшысы Никита Баженов Қазақстан чемпионатындағы естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы форвард Sport24 басылымына берген сұхбатында айтты.

"Оқжетпес" сапына ауысқанда қызықты оқиғалар болды. Маусым басында клуб басшылары жасыл алаңда қой сойды. Сол кезде құрбан айт мерекесі болып жатқан. Артынан сол қойдың етінен жасалған тағамды мейремханаға барып жедік. Еті дәмді екен. Жалпы Қазақстанға барғаныма өкінбеймін. Маған әсіресе оңтүстік аймақтар қатты ұнады. Демалыс сайын Алматыға барып қыдыратынбыз. Ол жақтың тамақтары күшті еді", - дейді Баженов.

Еске салайық, "Спартактың" бұрынғы ойыншысы 2016 жылы Көкшетаудың "Оқжетпесінде" 24 кездесуде 16 гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: