Коутиньо "Тұманды Альбионға" қайта келді

©barcamania

Бразилия құрамасында 63 ойын өткізген Фелипе Коутиньо "Тұманды Альбионға" қайта оралды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жанкүйерлер арасында "Филипиньо" атымен таныс "Барселона" ойыншысы "Астон Вилла" сапында маусым соңына дейін доп тебетін болады. Әзірге ол Стивен Джеррард баптайтын клубта маусым соңына дейін жалға алынып отыр. Фелипенің "вилландарға" келуіне Джеррардтың ықпалы болған. Себебі екеуі кезінде "мерсисайдтықтар" құрамында болғанын жанкүйер қауым жақсы біледі. Жарты жыл ішінде өзін жақсы қырынан көрсете алған жағдайда ағылшын командасы бразилиялық жатылай қорғаушыны "блаугранадан" сатып алуы мүмкін.

Еске салайық, Фелипе Коутиньо спорттық карьерасында "Васко да Гама", "Интер", "Эспаньол", "Ливерпуль", "Бавария" және "Барселона" командаларында ойнаған.

2010 жылы "Интер" сапында Италия Суперкубогін иеленсе, "Барселонамен" екі рет Ла Лига чемпионы атанды. Сонымен қатар, "Бавариямен" бірге ішкі біріншілік пен Чемпиондар Лигасының Кубогін басына көтерді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар