"Астон Вилла" және Бразилия құрамасының ойыншысы Филиппе Коутиньо Катарда өтетін 2022 жылғы әлем біріншілігіне жарақатына байланысты қатыспайды, деп хабарлайды Daily Mail.
Футболшы сан бұлшық етін жарақаттап алған екен, енді ол жетіден он аптаға дейін ойнай алмайды.
Биылғы маусымда Коутиньо "Астон Вилла" сапында барлық турнирде 13 матчке қатысты.
Катардағы ӘЧ 20 қарашада басталады. Бразилия құрамасы бұл жарыста G тобында Сербия, Швейцария және Камерунмен бірге.