Қошқар. Роналдуды командаластары жиі мазақ қылып жүр

Сурет: instagram.com/cristiano
Португаия құрамасы мен туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram желісінде сурет жариялап, күлкіге қалды. 

Форвард суретке туриндік командадағы жартылай қорғаушы Хуан Куадрадомен бірге түскен. Португалиялық шашын командаласының стиліне ұқсатпақ болыпты. "Інім сияқты көрінуге тырысқаным туралы ойларың қандай?" - деп жазыпты Роналду. 



"Ювентустің" бұрынғы ойыншысы Меди Бенатиа және Португалия құрамасының шабуылшысы Джессика Силва бұл суреттегі Роналдудың шашына күліп, бірі қошқарға ұқсатса, бірі басқа шаштаразға баруға кеңес беріпті. 

27 маусымда командаластары Роналдудың Louis Vuitton брендінен алған киімін мазақ қылған еді. Ал күлкі болған киімнің құны 1,4 мың еуро екен.