Көшбасшылар ойыны. ҚПЛ сегізінші турының төрт ойынына тікелей трансляция

Сурет: "Астана" ФК

Бүгін, 28 сәуірде футболдан Қазақстанның OLIMPBET чемпионатының төрт матчі өтеді. Қалғаны екінші ойын күніне белгіленген, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Бүгін "Каспий" - "Тобыл" (15:00), "Астана" - "Ақжайық" (17:00), "Тараз" - "Ақтөбе" (18:00) және "Туран" - "Атырау" (20:00) командалары ойнайды.

Бірінші екі ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Барлық ойындарды PFLK.TV арансынан тамашалауға болады.

Қазіргі уақытта "Астана", "Тобыл" және "Тараз" чемпионатта бірінші үштікте.

Кезекті тур 29 сәуірде аяқталады. Бұл күні "Жетісу" - "Шахтер", "Қайрат" - "Ордабасы" және "Қайсар" - "Қызыл-Жар" командалары кездесу өткізеді. 

Метки:
Жаңалықтар