"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Фермин Лопес журналистерге берген сұхбатында өзі үшін мінсіз командалас кім болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Егер менің қолымда “Барсаға” бір ойыншыны шақыру мүмкіндігі болса, мен Лео Мессиді таңдар едім едім. Егер ол үшін қосалқы құрамда отыру керек болса - мейлі, мен соған да дайынмын!", - деп келтіреді Ферминнің сөзін Goal басылымы.
Бұған дейін "Барселона" президенттігіне үміткерлердің бірі Марк Сириа алдағы сайлауда жеңіске жетсе, Лионель Мессиді клубқа қайтару үшін бар күшін салатынын мәлімдеген еді.
Қазіргі таңда аргентиналық супержұлдыз "Интер Майами" сапында өнер көрсетіп жүр. Ол былтыр күзде клубпен келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін ұзартты.
Айта кетейік, Лионель Месси 2003 жылдан 2021 жылға дейін каталондық клубтың намысын қорғап, "Барселона" тарихындағы ең ұлы ойыншылардың біріне айналды.