"Көру жиіркенішті". Кака Ұлттар лигасында ұтылған Қазақстан құрамасына жақтасты

Сурет: Reuters©
Футзалдан Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" бас бапкері Пауло Рикардо Кака Ұлттар лигасында ұтылғаннан кейін құрамаға айтылған сынға пікір білдірді. 

Кеше Алматыда  өз алаңында өткен ойында Қазақстан құрамасы Беларусьтен 1:2 есебімен ұтылды. Жеңіс голын алаң қонақтары ауттан допты дұрыс лақтырмаған Ғафуржан Сүйімбаевтың қателігінен салды. 

"Құрамадан жоғал!". Жанкүйерлер қателік жасаған Сүйімбаевқа "шабуыл" жасады

"Ұлттық құраманың ұтылысынан кейінгі бұл пікірлерді тыңдау мен көру жиіркенішті. Кеше ғана бәрі тамаша, бәрің жарайсыңдар деп еді. Бүгін бәрі боқ болып қапты! Мен де осындай жағдайда болғанмын, сондықтан құрама мен бапкерлер штабына қолдау білдіргім келеді", - деп жазыпты Кака Instagram желісінде.