Коронавирустан айыққан Мессидің видеосы шықты

©Reuters

Лионель Месси "ПСЖ" клубының негізгі ойыншыларымен жаттыға бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Париждіктердің ресми сайты аргентиналықтың жаттығып жүрген видеосын жүктеген.

Өткен жылы жазғы трансферлік маусымда "Барселонадан" Франция чемпионатына ауысқан Месси жаңа командасының сапында 11 матчта 1 гол соқты. Сонымен қатар, 4 рет нәтижелі пас берді.

Әзірге "ПСЖ" ішкі чемпионатта 50 ұпаймен көш бастап келеді.

Еске салайық, Месси жуырда коронавирус жұқтырып, Аргентиина құрамасының алдағы ойындарына қатыса алмаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: