Коронавирусқа байланысты Англия чемпионаты да тоқтатылды

Сурет: Football.ua
Футболдан Англия премьер-лигасы коронавирусқа байланысты тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі лиганың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін EFL басқармасының отырысы өтіп, АПЛ мен одан төменгі лигалардың бәрін 4 сәуірге дейін тоқтату туралы шешім қабылданды.

"Микель Артета мен Каллум Хадсон-Одоиға, COVID-19 вирусынан зардап шеккендерге тез сауығып кетуді тілейміз", - деді Премьер-лиганың атқарушы директоры Ричард Мастерс.

Еске салайық, бұған дейін "Арсеналдың" бас бапкері Микель Артетаның коронавирус жұқтырғаны туралы хабарланған. Ал УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының келесі аптаға жоспарланған барлық матчын коронавирустың тарауына байланысты шегерген еді.