"Қорқынышты болды". Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында алтын жеңіп алғанына қатысты

©Olympic.kz

Қазақстандық ауыратлет Руфина Чалкарова Сауд Арабиясында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді. 

Чалкарова 81 келіде өнер көрсетіп, жалпы 247 (107+140) келі көтерді.

"Бұл осындай деңгейдегі менің бірінші халықаралық жарысым, сондықтан, әрине толқу мен қорқыныш болды. Помостқа шығуға қорықтым, штанганы құлатып аламын ба деп тағы уайымдадым және тағы сол сияқты. Бірақ осының бәрін өткеріп, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. 

Қойылған бар міндетті орындадым. Бапкерлер мақтады, "осыдан тайма!" деп қолпаштады. 

Бірінші болып әпкем Чалкарова Анжела құттықтады. Қолдау білдіргеніне рахмет. Жылы сөздер мен құттықтаулар үшін бәріне алғыс білдіремін", - деп береді спортшының сөзін Федерацияның баспасөз қызметі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: