14 жастағы Джейк Хардингтің анасы Сара Келли Криштиану Роналдудың іс-әрекетінен кейін пікір білдірді.
"Егер көшеде менің ұлыма біреу шабуыл жасап, кейін кешкі асқа шақырса бармас едік. Мына жағдайда біз Криштиану Роналду болғаны үшін кешіруіміз керек пе? Құдды бір оның алдында қарыздар секілдіміз. Кешіріңіз, бірақ біз бұлай жасай алмаймыз. Біз "Манчестер Юнайтедтің" ұсынысынан бас тарттық. Енді ұлым тіпті команданың ойындарына да барғысы келмей қалды. Ұлым Роналдуды көргісі келмейді. Оның ешнәрсеге зауқы жоқ. Бұл жағдай баламның психикасына әсер етті", - дейді Джейктің анасы Сара Келли.
Еске салайық, 32-турда "Эвертон" клубына есе жіберген соң (1:0) Криштиану Роналду 14 жастағы жанкүйердің телефонын сындырған еді.